Шымкенттік жігіттер жұмыс істеп жатқан қытайлықтардан елдеріне кетуді талап етті
Қазақстан азаматтары өзге ұлт өкілдерін жұмыс орнына арнайы іздеп барған
Шымкенттегі Жұлдыз елді мекенінде бір топ жігіт қытайлықтардың жұмыс орнына басып кіріп, елден кетуін талап етті деп KYN.KZ 31 арнаға сілтеме жасай отырып хабарлайды. Видеода байқағанымыздай бір топ ада қытайлықтар тұрып жатқан жерге түнде келіп келіп, қақпадан секіріп өтеді. Олар қытайларды бір қатарға тұрғызып, елден кетулерін сұрайды. Қытайлардың бірі жұмыс формасымен, бірі жай киіммен жүр. Жергілікті тұрғындар қытайлардан ертесі күні кешке дейін Шымкенттен кетуді талап етуде. "Біз бейбіт түрде келісім жасауға келіп тұрмыз, ешкімді ұрмаймыз. Мұнда темекі шегуше, арақ ішуге, қыздарға тиісуге болмайды", - деп айтты жігіттердің бірі. Мұны өз ішіндегі бір адам қытайларға аударып беріп тұр. Оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз. Видеоға ішкі істер министрлігі тексеріс жүргізіп жатқанын, әлі ешқандай пікір бермейтінін айтты.