Басты жаңалықтар

Димаштың жаңа әні еуропалық тыңдармандарға жол тартты

Әнші, музыкант Димаш Құдайбергеннің «Weekend» деп аталатын жаңа әні барлық еуропалық музыкалық платформаларға шықты. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады KYN.KZ тілшісі. Әнші қуанышты жаңалықты Instagram-да бөлісті. Димаш жаңа композицияның Еуропада тарап жатқанын айтты. Айта кетсек, «Weekend» әні түрік продюсері Бурак Йетермен бірге жасалған. «Біздің Бурак Йетермен бірге шығарған «Weekend» атты жаңа әніміз Еуропада жарық көре бастады. Жақында барлық музыкалық платформада тыңдай аласыздар», деп жазды Димаш.