Басты жаңалықтар
Жүнісова Түсіпбаеваның ән орындаудағы қателерін тізіп, тым шолжаңдамауға кеңес берді
- автор kyn.kz
- 3 шілде, 2018
- 492
Әнші: Не айтып тұрғанын түсінбейтін әншіге халық қолсоқпайды!
Отандық танымал әнші Мақпал Жүнісова Ернар Айдармен дуэт болған Меруерт Түсіпбаеваны сынның астына алды деп хабарлайды KYN.KZ Жақында Меруерт Түсіпбаева Ернар Айдармен дуэт болып ән айтты. Екі әнші “Қимай сені барамын” әнін орындаған болатын.
Алайда ән Мақпал Жүнісованың көңілінен шықпаған секілді. Ол өз әнін дұрыс орындамаған Түсіпбаеваны сынға алды. “Неге Меруерт өзнің орындап жүрген әнін дұрыс айтпаған. Сүйіп деген сөзді неліктен “сыйып” деп айтты екен”, – деп жазды Жүнісоа Ернар Айдардың парақшасына пікір қалыдра отырып.
“Халық алдында ән айтып жүрген соң бәріне мұқият болу керек. Халық неге маған қол соқпады деп ойлау керек. Сахнаға тыр жалаңаш шығып тұрған әншіге не өзінің не айтып тұрғанын түсінбейтін әншіге халық қол соқпайды. Меруерт неге өзінің айтып жүрген әнін дұрыс жеткізбеген деп таңғалдым”, – дейді Мақпал Жүнісова.
Бұған Мерует Түсіпбаева өз жауабын берді. “Ән біріншіден асығыс жазылды. Шетелде жүргенімде Ернар Айдар хабарласып, әнді түзеп қайта жазамыз ба деп сұрады.
Бірақ өзі сайтқа дереу арада жүктегісі келгендіктен келісіп едім. Ол Мақпал апайдың көзіне түсіп қалыпты. Олар кәсіби әншілер ғой. Қатені тез байқап қояды. Қателіктерді алдағы уақытта түзетеміз деп ойлаймын”, – деп ақталды әнші.