Бауыржан Байбектің әкесіне сот бірнеше айып тақты
Қыдырғали Байбек жұртқа Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы ретінде белгілі
Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бірінші істі 26 маусымда қабылдаған. Ал сот процесі 11 шілдеде бейнебайланыс арқылы өтуі керек еді. Байбектің әкесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 319-бабы бойынша айып тағылды. Осы бапта тиісті жерге құқықсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе шаруашылық-тұрмыстық объектілерді заңсыз салу анықталған. Баптың санкциясы заңсыз салынған және құрылысты мәжбүрлеп бұзумен немесе айыппұл салуды қарастырады. Сонымен қатар, Қыдырғали Байбекке тағылған тағы бір айып ӘҚБтК-нің 463-бабының бірінші бөлігі бойынша қаралады деп күтілуде. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы бұл бап тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi жүзеге асыруды қарастырады. Айта кетейік, Қыдырғали Байбек көпшілікке Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің әкесі және Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы ретінде танымал. Ол теміржол саласында бірнеше жыл еңбек еткен.