Секс-құлдықтан қашып 3-қабаттан секірген қызды видеоға түсіріп жүрген Сабрина өз шындығын айтты (видео)
Сабрина:Айка бұған дейін менің құрбымды да ұрып, жезөкшелікке сатқа. Олар мені де солай жасамақшы болды
Шымкент қаласының 18-ге енді толған тумасы KYN.KZ редакциясына хабарласып, мәжбүрлі жезөкшеліктен қашып 3- қабаттан секірген Дильназдың оқиғасында бастан аяқ бірге жүргенін айтты. ол қазір тергеу абақтысында жатқан Айка лақап атымен танымал қыздан қорлық көрген тағы бір бойжеткен барын жасырмады. Ол қыз да кезінде Айкадан таяқ жеп, тәнін сатып, ақысын сол қызға беріп жүрген көрінеді. "Менің есімім Сабрина Самукова. Мен сол оқиға болған күні қасымдағы қыздар мен Дильназ және оның құрбысының пәтеріне бардық. Дильназды бейт басында ұрған кезде маған Айка "Басынан тепкенімді түсір" деп бұйырды. Түсірдім. Пәтерге барған кезде де қастарында жүрдім. Бірақ Айка тарапынан екі талап болды. Ол ақша тауып беру және бірге-бір шығу. Қалған талаптарды естімедім. Қазір мен оқиғада куәмін. Тергеушілерге бар жағдайдың шындығын айтып бердім. Айка тергеу абақтысынан құрбыма айтып жіберіпті. "Осыдан қамалып, қызым жетім қалар болса сені және Сабринаны адам жіберіп өлтіртемін" депті. Бірақ сол құрбым кезнде Айканың соққысын жеп, Дильназдың күйін кешіп, тәнін сатты. Ол егер осы оқиғада Айка қамалып кетпейтін болса сол істі қайта аштырамын деп отыр. Айка мені де ұрып, жезөкшелікке сатпақшы болған Бірақ жасай алмады. Мен арыз жазатынымды, мамама айтатынымды ескерттім. Мен керісінше мұрны қанағанда Дильназға қағаз беріп, оны ұрмауларын сұрап жүрдім. Ол негізі 2-қабаттан құлады. Құлаған кезде де Дильназдың қасында болдым. Жедел жәрдем келгенде одан "Кетеберейін бе" деп сұрадым. Ол барабер дегенде бір-ақ кеттім",-дейді Сабрина. Сабринаның құрбысы Жансаямен Тик-Ток желісінде осы оқиға жайлы сөйлескен әңгімесі тарап кеткен еді. Ол онда "Мен ақ Лексус алғалы жатырмын. Бүгін келсе сен жаққа соны мініп барамын. Ана істе бәрлығы қалай болды солай айтып, өзімді ақтап аламын. Сенде өзіңді ақтап ал" деп сөйлеседі. Сабрина сол видеоны сайттың желідегі парақшаларынан өшіруді қайта-қайта сұрады. Тіпті сол видео үшін өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты. Оның әкесі жоқ, анасы Шымкент қаласында екен. Жасы енді 18-ге толған қыз қымбат көлікті қандай жолмен, қандай ақшаға алып жатқанын да сұрадық. бірақ нақты жауап болмады.
Сұхбат Инстаграм желісінде тікелей эфирде жүргізілді: Толық видео осында