Али Оқапов анасы Роза Рымбаеваға 21 миллион тұратын қымбат көлік сыйлады
Әнші Ақерке Бүркітбай жұбайының енесіне Роза Рымбаеваға қымбат көлік сыйлағанын әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікпен бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Әли Оқапов анасына 21 миллион теңге тұратын Geely Manjaro маркасының көлігін сыйлаған. Бірақ Ақерке барлық видеоны желіге тек барлығы өткеннен кейін, келесі күні жүктеген. "Кеше отбасымыз үшін әдемі күн болды. Әли анамызға жаңа көліктің кілтін табыстап, сыйлық жасады. Жаңа модельді, өте әдемі түсті. Құтты, берекелі көлік болсын", - деді Ақерке. Анасына керемет сыйлық жасаған Әлиге көпшілік жылы лебізін арнап жатты. Естеріңізге сала кетейік күні кеше Ақерке Бүркітбайдың ұзақ уақыт ана атана алмағанынан оқырмандары тарапынан қысымға түскенін жазған болатынбыз.