Танымал блогер Ақмарал Елшін не себепті ажырасқанын айтты
Танымал блогер Ақмарал Елшін жұбайымен не себепті ажырасқанын "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында айтты деп жазды, KYN.KZ тілшісі. "Ресми түрде ажырастым. Себебі өте көп. Алғашында адам басқа болады. Одан кейін отбасылық өмірде басқаша екенін көресің. Әрине, бұл қиын. Бірақ солай шешуге тура келді. Қыз бен жігіт ретінде жарты жылдай араласып жүрдік. Жарты жыл қатты көп емес. Шамамен осына уақыт қана бірге болдық. Көп болмадық. Үш отбасы бірге тұрдық. Ата-анамыз кішкентайымыздан бізге сенім артты. Өзімізге өте жауапты болдық, әр істе жауапкершілікті мойынға алатын қасиетіміз бар. Құдайға шүкір. Ол кісілер де біледі. Мұндай шешім жайдан жай емес. Құтырғаннан, тойғаннан, секіргеннен емес. Нақты болғаннан кейін, осындай шешім болғанын біледі. Басында ол кісілер де қарсы болған. Жасыратын ештеңесі жоқ. Олардың отбасында бір жағдайлар бар. Мен мамаларға айтып, кім қателеспейді деп, көндірген едім. Осылайша, ол кісіге тұрмысқа шығуыма қарсы болған. Негізінде, ата-ананы тыңдау керек екен", - деді блогер.