Көршісі қоғам белсендісі өгей қызын қалай өлтіргенін айтып берді
Көршілері кішкентай қызды өгей анасы үнемі таяқтайтынын айтып бірнеше рет полиция шақырған
Алматыла қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбектің 7 жасар өгей қызын үнемі ұрып-соғып қарағаны белгілі болды. Бұл туралы оның көршілері НеМолчи қоры өкілдеріне толық айтып берген. Сөздерінше әйел өзінен 15 жас кіші күйеуінің қызын үнемі ұрып-соғып, қатаң жазалап тәрбиелеген. Соңғы жағдай 7 жасар қыздың өліміне жеткізді. "Бұл қыз 7 жаста. Анасы 8 айында тастап кеткен. Әкесі өзінен 15 жас үлкен әйелдің қызығымен кетті. Әркез қызды ұрып-соғып, азаптап, білгенін істеген өгей шеше жайлы көршілер жақсы біледі. Алматының Бостандық аудандық полицияға талай хабарлаған, алайда, нәтиже міне - өлім. Қыз мектепте оқыса мектептің әлеуметтік ұстаз бен психологы да ол жайлы жақсы білуі тиіс. Алайда, баяғы сол бейқамдық. Фотодағы қоғам белсендісі Балжан есімді әйел әлеуметтік желідегі статусында өзін “счастливая мама” депті. Біреуді қорлау біреуге бақыт әкеледі… Бұл жолы Кристина туалетке жетпей кіш етіп қойғаны үшін соққыға жығылды. Балжан оны ваннаға ұрып құлатып, төмпештей берген, ұра берген. Миына қан құйылып, байқұс қыз сол жерде тіл тартпай кетті. Көршісі “Қыздың мүрдесі менің атамның жанында орналасқандықтан оны мен күтіп-баптаймын” депті. Төмпешікті енді баптадың не, баптамадың не?",-деп жазды журналист Гүлмира Әбіқай.