Басты жаңалықтар

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай үйленді

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай отбасын құрды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Әлеуметтік желіде тойда түсірілген видео тарады. Сондай видео үзіндісімен әнші Наркенже Серікбаева да бөлісті. «Санжар Тәшкенбайдың құсын ұясынан ұшырдық», – деп жазды әнші. Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тілеп, ақ тілегін жарыса жаудыруда.