Басты жаңалықтар

"Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне судьялар да кінәлі. Жауапқа тартылсын!"- Сәуле Әбілдаханқызы

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы Түркістан облысындағы судьяларды фейсбук желісіндегі парақшасында сынға алды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.  "Түркістан облысындағы судьялар АЙГҮЛ МАЛАЕВА НҰРҚАЗЫ ШЕТЕНОВ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕН БОСАТЫЛСЫН!!! ЖАУАПҚА ТАРТЫЛСЫН!!! Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне бұл екеуі де кінәлі!!! Бұлар да жауапты!!! Бұрын бірнеше рет ауыр қылмыс жасаған өзбек (бәлкім тәжік) педофилді бұл судьясымақтар бостандықта тайраңдатып қойған. Қалайша? Неге? Парамен бе? Басқа не себептен дейсің?!.. Мұндайлардың судья болып, төрелік жасауға қақысы жоқ! Сөкілер... марасьтар... Шетенов туралы Амангелді Амангельды Батырбеков те, қателеспесем, талай рет жазған. Міне бір жазбасының сілтемесі: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1815220348827390&id=100010183262594&mibextid=Nif5oz Жалпы, кез-келген істе жемқор судьялар параның буымен әділетсіз шешім шығарса, олардың өздерін аямай жауапқа тартып, соттау керек!!! Ал Амангелді Батырбековке БОСТАНДЫҚ!!! Осы жемірлерді әшкерелегені үшін бұлар оны қамап, педофилдерді босатып жүр!!! Босатыңдар жазықсыз Амангелдіні!!!!!", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.