Өмірқұл Айниязов жалғыз ұлының той алдында жол апатына түскенін айтты
Танымал әнші Өмірқұл Айниязов жалғыз ұлының жақында үйленетінін айтып көпшіліктен сүйінші сұраған еді. Алайда жақында әлеуметтік желідегі парақшасында баласының жол көлік апатына түскенін айтып көпшілікпен бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Қазақ "Бір баласы бардың шығар шықпас жаны бар" деуші еді. Жанымыз бір шығып, кірді-ау, балам! Тойыңның алдында Алланың сынағы деп қабылда, балам. Үлкен жол апаты болды. Халыққа естіртпей, соңын күттік. Шүкір, бәрі жақсы. Ағайын, тойда жолығайық", - деді Өмірқұл Айниязов. Айта кетейік Өмірқұл Айниязов ұлы Нұртуғаннан кейін арада 21 жыл өткенде қызды болған айтқан еді.