Басты жаңалықтар

"Алла сынақты көтере алатын адамдарға береді": Нұрлан Еспанов әйелінің сырқаты туралы айтты

Халықтың сүйікті әншілерінің бірі Нұрлан Еспанов "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында жұбайының сырқаты туралы айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Депрессияға түсіп кеткенім де сол... Ол менің сүйіп қосылған жарым, шын мәнінде келіншегімді жақсы көремін. Отбасы, бала-шағалы, немерелі болған соң, алаңдайтыным бар. Балаларымның анасы. Кей кезде ауырып қалады. Кішкене қараймыз. Уайымдаймыз. Сол кісі ауырмаса, мен көңілді жүре беремін. Ол кісі ауырып қалса, мен де кетемін тұңғиыққа. Қазір Аллаға шүкір, жақсы. Арасында ауырып қалатыны бар енді. Бірақ енді күресіп жатырмыз. Сынақты көтере алатын адамға береді ғой... Көтеріп жүрміз енді",-деді әнші. Бұған дейін Еспанов сүйіктісінің сырқаты оңай еместігін бірнеше жерден айтқан. "Аты жаман ауруды жеңіп, өзіне келді" деген кездері де болған еді.