Басты жаңалықтар

Ерке Есмахан енесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Танымал әнші  Ерке Есмахан өзінен 10 жас кіші Раймға  тұрмысқа шығып желіні бір шулатқан еді. Әншінің инстаграм желісінің сторис бөліміне көпшілік оның енесімен қары-қатынасын туралы сұрақ қойды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Ерке оқырмандарының сұрағына былай деп жауап берді: "Еркелеймін, еркелетемін. Анамнан үйренерім көп, алтын адам. Аллаға шүкір, текті жерге келін болып түстім", - деді Ерке Есмахан. Сонымен қатар әнші "Махаббат жасқа қарай ма?" деген сұраққа: "Ойбай махаббат жас түгілі жынысқа қарап жатқан жоқ. Сондықтан табиғаттың заңымен еркек пен әйел қосыла шүкір деңіздер. Алда не күтіп тұрған тек бір Аллаға мәлім", деп жазды әнші.  width=