Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ол жарқын әрі лайықты ғұмыр кешті": Димаш Құдайберген Денис Тенді еске алды

"Ол жарқын әрі лайықты ғұмыр кешті": Димаш Құдайберген Денис Тенді еске алды
ашық дереккөз
Танымал әнші Димаш Құдайберген досы Денис Тенді еске алып әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба арнады деп, жазды KYN.KZ тілшісі. “Жаның жәннатта болсын, досым. Өзіңсіз өткен бес жыл… Еліміз үшін жасаған ерліктеріңді ешқашан ұмытпаймыз”, – деп жазды Димаш. Әншінің жантебірентерлік жазбасымен желі қолданушыларының да жүрегін елжіретті. “Оның өмірі сондай қысқа болды, бірақ ол жарқын әрі лайықты ғұмыр кешті”, “Жадымыздасың, Денис”, “Бес жыл өтіп кеткеніне сене алар емеспін”, Өте өкінішті, жүрегіміздесің”,"Халқың сені ұмытпайды", "Жүрегіміздесің Денис", – деп жазды желідегілер. Естеріңізге сала кетейік , Денис Тен 2018 жылғы 19 шілдеде Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелері қиылысында көлік ұрыларымен қақтығыс кезінде қаза болды. 21 шілдеде қазақстандықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар