Басты жаңалықтар

"Ақылды қыздың ер адамнан төмен түсуі өте қиын": Тамара Асар

Отандық бағдарламалардың бірінде танымал әнші Тамара Асар қыз баланың тағдырына қатысты  ойымен бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Осыншама бойына білім жинаған қыз ақырында бір жігітке ғашық болады. Ол жігіттің не білімі жоқ, не қолынан ісі жоқ, таңертеңнен кешке дейін инстаграмда, диванда жатады. Ол қыз одан кішірейсе онда ол қандай отбасы болады? Ол соншама білімді жинап, сандыққа салып, кілттеп кілтін лақтырып жіберуге тура келеді. Ол топас болу керек болады. Ер адамнан төмен түсу өте қиын әсіресе ақылы таяз ер адамнан төмен түсу өте қиын. Көкірегін керген ақылы білім бар, текті жерден шыққан қыз балаға төмек түсу өте қиын. Сондықтан мен айтар едім жігіттер жиналыңдар. Мына екі қолмен екі аяқты Құдай бергеннен кейін, кәдімгі темірді өргендей қылып іс жасаңдар", деп  түйіндеді әнші. Желі қолданушылары болса: "Өте дұрыс айтады. Соншама оқытып, тоқытып, жақсылап тәрбиелеген соң қайдағы бір жатып ішер арамтамақ санасызға барса расында ішің ашиды ғой", "Қандай керемет айтылған", Өте дұрыс айтты. Әйел адам ақылды, білімді болса ер адам білімсіз болса да еңбекқор болғаны дұрыс. Сонда әйел адам бір саты төмен тұрады", деп ойларын ортаға салды.