Өмірқұл Айниязов жақында жолапатына ұшыраған жалғыз ұлының жағдайымен бөлісті
Танымал әнші Өмірқұл Айниязов жақында жолапатына түскен жалғыз ұлының жағдайын айтты , деп жазды KYN.KZ тілшісі. Өмірқұл Айниязов тамыз айында шаңырақ көтергелі жатқан ұлының жол апатына ұшырап, ауруханада жатқанын көпшілікпен бөліскен еді. "Тойыңның алдында Алланың сынағы деп қабылда, балам. Үлкен жол апаты болды. Халыққа естіртпей, соңын күттік. Шүкір, бәрі жақсы. Ағайын, тойда жолығайық", - деген еді Өмірқұл Айниязов. Ал бұл жолы өнер иесі көпшілікті жағымды жаңалығымен қуантты. "Ұлымыз үйге келіп, көзайым болып жатырмыз", - деп жазды Өмірқұл Айниязов. Желі қолданушылары болса: "Ұлыңыз үйге аман оралғанына шүкір", "Ұлыңыз аман болсын", "Жалғыз ер бала болса ата-ананың шығар жаны бөлек қой, Аллам ұзақ ғұмыр берсін", "Тіл көзден сақ болыңыздар", "Аллам шипасын берсін", деп жазды желі қолданушылары.