Басты жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек екінші рет ана атанды

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсауле Бақытбек екінші сәбиін дүниеге әкелді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. “Қайырлы күн! Бүгін 2023 жылдың 20 шілдесінде біздің отбасымыз тағы бір жанмен толықты. Қызым екінші рет ана атанды. Ол әдемі, дені сау, бақытты қызды дүниеге әкелді. Қазір перзентханадағы қызыма сорпа мен котлет алып бара жатырмын. Қызымды құшақтап, немеремді қолыма алуға асықпын. Құттықтауларыңызды қабылдаймын", - дейді Баян Алагөзова. Естеріңізге сала кетейік, Айсәуле Бақытбек былтыр қаңтар айының 17 күні тұңғышы Сафияны дүниеге әкелген еді.