Басты жаңалықтар

Астаналық 83 жастағы әйел "Алжир" музейіндегі лифтіден құлады

Ақмола облысындағы "Алжир" музейінде 83 жастағы әйел лифтіден құлап, жарақат алды, - деп хабарлайды  KYN.KZ тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Туыстарының айтуынша, әлі күнге дейін қалалық әкімдікке қарасты мекеме басшылығы кешірім сұрамаған. Мемориалды кешенді көреміз деп, ауруханадан бір-ақ шыққан әйелдің беті бері қарады. Дегенмен оның жақындары оқыс жағдай қайталанбасы үшін жауаптылар қызметін босатуды талап етіп отыр. Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Астанаға алғаш барған екен. Ол мерекелік концерттерден соң мемориалды кешенге барғысы келген. Лифтіге мінген бетте үзіліп, төмен құлдилапты.

Қазір жәбірленушінің жақындары прокуратураға арыз түсірген.

Лифтіде болған 1969 жылғы мұражай қызметкері жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Ал кейуана әлі реанимацияда, жағдайы қалыпты. Ертең оған алғашқы операция жасалады.