Басты жаңалықтар

"Бұлай мақтанғаныңыз жарамады": Жұбайына 7 млн теңгенің сағатын сыйлаған Төреғалидің қарындасы көпшіліктің сынына ұшырады

Танымал әнші Төреғали Төрәлінің  үлкен қарындасы күйеуіне 7 миллион теңгенің сағатын сыйлап, әлеуметтік желіде бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Екі ай бұрын сыйлығымды дайындадым. Дәл осы сағатты ұзақ іздеп, таптым. Алған кезде қуанышымда шек болмады. Себебі, бұл модельді табу оңай емес екен. Бәрі ниетке байланысты ғой. Екеуіміз енді шаңырақ көтергелі жатқанда, тойға дайындық кезінде Дархан 6 миллион теңгесін жоғалтқанын айтып едім. Қазір ерекше шүкіршілікке бөленіп отырмын. Себебі, Дарханның әлі талай белестерді бағындыратынына, оның потенциалы мықты екеніне сендім. Ал, міне, бүгін құны 7 млн теңгенің сағатын сыйлап жатырмын. Сіз бар жақсыға лайықтысыз, палуаным. Қуанышты күндеріміз көп болсыншы", - деп жазды Фариза Төреәлі. Ал желі қолданушылары болса: "Бұлай мақтанғаныңыз жарамады", "Бір сағатқа осындай қаражат жұмсау ысырапшылдық сияқты", "Керемет сыйлық, әбден лайықтысыз","Басқалардың қуанышына қуана білу керек, әбден лайықты",- деп ойларын ортаға салды.