Басты жаңалықтар

Танымал тележүргізуші Серік Ақышев екінші рет үйленді

фото: Серік Ақышевтің Инстаграм парақшасынан

Танымал тележүргізуші Серік Ақышев әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің екінші рет үйленгенін айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Серіктің бұл жолғы таңдауы интерьер дизайнер Гаухар Төреқұловаға түсті. Ерлі-зайыптылардың неке қию рәсімі Instagram желісінде тікелей эфирде өтті. "Біз ерлі-зайыптылармыз. Гаухар және Серік Ақышевтар. Супер құдалық өтті, бір аптадан соң некемізді АХАЖ-да қидырдық. Иншалла, алдағы уақытта мешітте қидырамыз. Қолдау көрсеткен барша туыстарымыз бен жақындарымызға және жазылушыларымызға алғысымыз шексіз", - деп жазды тележүргізуші желідегі парақшасында. Айта кетейік Серік пен Гаухардың бірінші некелерінен төрт бала өсіп келеді. Гаухар бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырса, Серік алғашқы некесінен екі қыздың әкесі атанған.