Басты жаңалықтар

"Басымнан тепті". Атырауда бар күзетшілері қызды соққыға жыққан

Фото: Видеодан скрин

Атырау тұрғыны барлардың бірінің күзетшілері онымен таныспақ болғанын, бірақ ол бас тартқан соң жұдырық жұмсағанын айтты. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды  КYN.KZ тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Қыздың айтуынша, оқиға 11 шілдеде қаладағы барлардың бірінде болған. "Жанжал ұрып-соғудан бұрын басталды: күзетшілер жұмыста тұрып, менімен танысуға тырысып, бар жабылғаннан кейін бірге уақыт өткізуге шақырды. Мен бас тарттым, содан кейін олар мені мазақ етіп, маған басқаша қарай бастады", - дейді қыз. Ол таңғы бестер шамасында телефонмен сөйлесуге сыртқа шыққанын, содан кейін күзетшілер қайта кіргізбей қойғанын айтты. "Олар өте дөрекі сөйлесе бастады... Мен кіреберістен жүгіріп өтпек болдым, сол кезде бетіме бірнеше соққы жасады. Мен сол жерге құлап, басымды ұрып алдым. Олар мені есіктен ары қарай итере бастады. Соңында мені ұрған күзетші баспалдақта отырғанымда басымнан тепті", - деп жазды қыз.