Танымал блогер Қуандық Рахмның хит әнінің сөзі сын көтермейтінін дәлелдеп берді
Бақытжан Бұқарбай: Нағыз арзан, тіпті жалған патриотизм, абсурд пен трендизмге толы сананы улайтын бірдеңе
Танымал блогер Бақытжан Бұқарбай әнші Қуандық Рахым орындап жүрген "Қазақ болып тумағанда нетер ем" әнінің сөздері миға қонымсыз, логикаға қарсы, мағынасыз екенін атап өтті. Көпшілік журналистің келтірген мысалдарына жүз пайыз қосылатындарын айтып, қазір есер әндердің көбейіп кеткенін айтып жатты. "Қазақ болып тумағанда нетер ем?" деген ән соңғы кезде жиі естілетін болды. Қабылдай алмадым. Логикасы жоқ дүние. Қазақ болып тумағанда ол туралы мүлдем білмес едім, сондықтан маған бәрібір болушы еді. Немесе өзге ұлт болып туғанымда: "Әттең, бекер орыс/неміс/араб болып тудым, қазақ болып дүниеге келу керек едім" деп ойламас едім. Нағыз арзан, тіпті жалған патриотизм, абсурд пен трендизмге толы сананы улайтын бірдеңе, шығарма деп айтуға тілің бармайды екен. Әннің мәтініне сай, қаның, түрің, тілің қазақ болса, қазақ екенсің. Айдан анық нәрсе ғой, бұны жырлаудың қажеті қанша? Екіншіден, өзің таңдамаған нәрсе үшін (жынысың, қаның, т.б.) шамадан тыс мақтана беру - кертартпалық пен боскеуделіктің көрінісі сияқты. "Еркекпін мен" деген ән де осылардың қатарынан, барып тұрған кемсітпе. Осындай шала-пала нәрселердің аудиторияның сұранысында жүргені өкінішті-ақ. Одан гөрі, "Әй, қазақ, неменеңе масаттанып тойынып жүрсің? Жетер енді! Шайылу алдында тұрғанда адамзатқа беріп жатқан пайдаң қандай?" деп тыңдарманның үстіне мұздай су шашқандай әсер беретін әндер болса ғой.",- деп жазды Бақытжан Бұқарбай.