Басты жаңалықтар

"Азаматтарға арналған үкімет" филиалының директоры ұсталды

фото:ҰҚК

"Азаматтарға арналған үкімет" филиалының директоры ұсталды, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті өкілдері Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік Корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады. Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Ұсталған адам Семейдің уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.