Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Адам болғасын түсініспеушіліктер болады": Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесімен арасындағы қарым-қатынасы туралы айтты

"Адам болғасын түсініспеушіліктер болады": Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесімен арасындағы қарым-қатынасы туралы айтты
ашық дереккөз
Фот: Stan.kz парақшасынан алынған
Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжан Әбдімүтәлиев «Өмірдің өзі» бағдарламасында әкесі Сәбит Әбдіхалықов жайлы айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. «Жасөспірім кезде әкемнің кеңесі жетіспеді. Бірақ ол кеңесті өзім барып сұрасам, ол айтатын еді. Менде бір тәкаппарлық, балалық болды, дәтім бармады. Бара алмадым. Ол кісі күйбең тіршілікте жүргендіктен, ойламаған шығар. Шетелде екі жыл тұрған уақытта әкем жайлы көп ойладым. Сол кезде әкеммен неге сырласа алмаймың, әңгімелесе алмаймын деген ой болды. Шетелде оқуымды бітіріп, Алматыға келген кезде жақын араласа бастадық. Мен өзім сырласа бастадым. Ол кісінің өмірі, жұмысына байланысты қиындықтар болған кезде, өте жақсы сырластық. Ол кісі өз өмірі, жіберген қателіктері жайлы айтты. Әкеммен қазіргі таңда жақын қарым-қатынастамыз. Адам болғасын түсініспеушіліктер болады. Себебі ол да, мен де адаммын. Екеуіміздің де бір мінезіміз бар. Кейде сол мінезіміз шайқасып қалады. Бірақ ол мінез үшін араласпай кету деген болған жоқ», — деді Асылжан Әбдімүтәлиев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар