Басты жаңалықтар

Ұланғасыр Қамиев өзінің соққыға жығылуына байланысты пікір білдірді

Фото: Криминальный Казахстан телеграм арнасынан алынған
Фото: agugai.kz сайтынан алынған

Күні кеше әлеуметтік желіде танымал әнші Ұланғасыр Қамиевтің соққыға жығылған видеосы тарады. Осыған қатысты әнші инстаграм  парақшасында мәлімдеме жасады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Қазақ елі, қалайсыздар? Бүгін Алматыдан Арқалық қаласына тойға келдік. Өкінішке қарай графиктің тығыз болуына байланысты, кеше қайда болғаным есімде жоқ. Жол ұзақ екен, осы жаққа келіп, желіні қоссақ, "Ұланғасыр Қами" деп шулап жатыр екен. Дос-жаран, туған-туыс, оқырмандардың бәрі "Халің қалай? Не болды" деп сұрап жатыр. Халім жақсы, шүкір. Ондай видеодағыдай қатты ештеңе болмады. Енді ондай видеоға сене беруге болмайтынына қазақтардың еті үйреніп қалған шығар. Ол жерде расы бар, өтірігі бар. Сондықтан бәрі жақсы, шүкір. Көріп тұрғандарыңыздай, Аллаға шүкір", - деді әнші.