Басты жаңалықтар

Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, жұрт баласын жоғарғы қабаттан лақтыруға мәжбүр болды

Фото: tengrinewskz алынған Алматы көпқабатты тұрғын үй өртеніп, оның видеосы желіде тарады. Видеодан кейбір адамдардың жанып жатқан ғимараттың терезелерінен секіргенін көруге болады. Ал тағы біреулер балаларын лақтыруға мәжбүр, оларды төмендегі топ адам кілемнің көмегімен қағып алуда, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 тамызда сағат 17:10-да Алматы қалалық ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі дабыл белгісі бойынша Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54 үй мекен-жайына аттанды. Оқиға орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер 16 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтерлері ашық отқа оранғанын анықтады. Сондай-ақ 5 және 6-қабаттағы жеделсатының электр кабельдері де өртеніп жатыр. "Сағат 18-00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қызыл жалын қамтыған аудан нақтылану үстінде. Жоғары қабаттардағы адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖД күшімен баспалдақ арқылы 250-ге жуық адам эвакуацияланды, үш тік саты мен үш автомат саты арқылы 40 адам құтқарылды",- деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі. https://youtube.com/shorts/EclfXVB-V7o?feature=share