Басты жаңалықтар

Әлемдегі ең арық адам

Фото: m.ok.ru сайтынан алынған

Әлемдегі ең арық адам Люсия Сарате, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Люсия Сарате 1863 жылы 2 қаңтарда Мексиканың Сан-Карлос қаласында дүниеге келген. Люсияның үлкен ағаларының бірі, жас кезінде өмірден өткен Мануэль де ергежейлілердің қатарында болған. Бұл деректі "Арыстан бала және басқа да медициналық қызығушылықтар" кітабында белгілі ғалым Ян Бондесон жазған. Люсия тіпті Мануэлден де кішкентай болды. "Құдайдың балалары: жердің балалары" кітабының авторы Джеймс Карри айтқандай, туылған кезде Люсияның салмағы небәрі 8 унция (226,80 грамм), бойы 7 дюйм (20,32 сантиметр) болды. Алайда, мұндай параметрлерді Саратенің өмірбаяны қалыптасқан мифтердің біріне жатқызуға болады. Басқа мәліметтерде қыздың салмағы 2 келі болғандығы жазылған. Ол бір жасына дейін өсіп, салмақ қосуды тоқтатты. Алайда, Люсияның ақыл-ойы басқа балалар сияқты дамыды. 17 жасына қарай Люси Сарате біршама ұзын болды алайда салмақ жинамады. Люсиге көпшілік ерекше назар аударды. 17 жасында ол үйінен кетіп , Америка Құрама Штаттарына көшіп келді, онда Люси әр түрлі цирктер мен шоу-бағдарламаларда өнер көрсетіп, нәпәқасын тапты. Люси 27 жасында гастрольдік сапар кезінде пойыз қатты боранның салдарынан Сьерра-Невада тауларында бұзылып жолда қалады. Вагондардағы температура тез төмендеді. Трагедия куәгерлерінің бірі Саратенің көрпеге оранып жылынуға тырысқанын айтады. Алайда көп ұзамай Люсия Сарате қатты суықтан қайтыс болған.