Психологиялық тест: "Көбелектің бірін таңдаңыз"
Фото: Оinet.kz сайтынан алынған
Психологиялық тесттен өтіп, ішкі жан-дүниеңізбен жақынырақ танысыңыз, деп жазды KYN.KZ тілшісі. 1 Көбелек Қазір сіз өзіңізбен оңаша қалғыңыз келеді. Сізге қалай қол ұшын созарын білмейтін таныстарыңызбен, достарыңызбен кездесу қиынға соғып жатыр. Сізге кішкене үзіліс керек. Бәрінен оқшауланғаныңыз дұрыс. Өміріңіздегі соңғы жағдайларды ой елегінен өткізіп, ештеңеден қорықпай батыл шешім қабылдағаныңыз жөн. Не себепті аяқ астынан жақындарыңызды жатсынып шыққаныңызды ойланып көріңіз. Жаныңыз жай табуы үшін ренжіткен жанға барып өкпеңізді ашып айту керек, негативті іште сақтамаңыз. Ол денсаулығыңызға кері әсерін беруі мүмкін. 2. Көбелек Сіз өте еңбекқорсыз, барлығын тап-тұйнақтай етіп жасағанды жақсы көресіз. Өз ісіңізді басқа адамдарға сеніп тапсыра алмайсыз. Жауапкершілігіңіз өте жоғары. Сол себепті басқаларына қарағанда екі есе тер төгесіз. Қанша еңбекқор болсаңызда дер кезінде демалып, тынығып тұрғаныңыз жөн. Денсаулықты әр дайым бірінші орынға қойыңыз. Ең бірінші өзіңізге көңіл бөлуді ұмытпаңыз. 3. Көбелек Уақыт өткен сайын бұрын жасаған қателіктеріңіз сізге маза берер емес. Бұрын алқызыл көзілдірікті тағып алып, адамдарға бар жаныңызбен сенім білдіріп, оптимистік көзқарастан айнымай жүретін болсаңыз, енді барлық жағдай сізді депрессияға түсіріп жатыр. Айналаңыздағылардан көңіліңіз қалғаны сонша, енді қайда қалай қадам жасауды да білмейсіз. Өзіңізді еркелетіңіз: киноға барыңыз не тәулік бойы төсекте жатып демалыңыз. Дәл қазір әлемді алақаныңызда ұстау міндет емес. Бәрібір бір күнде барлығын өзгертіп жібере алмайсыз. Ішкі жан дүниеңізге көбірек көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын бұл күйзелістен тек сіз өзіңізге ғана көмектесе аласыз. Асықпай шешім қабылдап, өткенге өкініп, уақытыңызды босқа өткізбеңіз.