Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бәрі сәтті өтсін": Роза Әлқожа ұлына ота жасалатынын айтты

"Бәрі сәтті өтсін": Роза Әлқожа ұлына ота жасалатынын айтты
ашық дереккөз
Фото: Роза Әлқожа инста парақшасынан алынған
Танымал әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында ұлына ота жасалатынын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Астанаға келгенімізге бір апта болды. Бар себеп баламен байланысты ғой. Бір қызығы, аяғындағы темірін алып тастаған соң, қайта сындырып салуды ойлап келіппін. Отадан соң қисық біткен сүйекті сындыру мүмкін емес екен. Дәрігер тасып шыққан сүйекті кесіп, кішігірім ота жасайтын болды. Қисық біткен башпайларға енді ештеңе істей алмайтынымызды айтып, күнін бүгінге белгілеген. Ұлды алып келіп, тексертіп жүргеніммен, бүгін жұмысым бойынша басқа қалаға кеттім. Ең қиыны, қажет кезінде балаңның жанында бола алмау. Бейбарыс, Алла жеңілдігін берсін. Екі отадан кейін "енді ауруханаға бармаймын" деп едің. Соңғысы болсын. Сүйкімді аяқпен қайынжұртыңа күйеу боп баруға жазсын. Құдайдан басқа қамқорымыз жоқ, халықтан асқан жанашыр жоқ. Бәрі сәтті өтсін", - деп жазды әнші. Желі оқырмандары болса әншінің ұлына ота сәтті өтуін тілеп, жылы лебіздерін жазып жатты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар