Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Психологиялық тест: "Үш жұлдыздың бірін таңдаңыз"

Психологиялық тест: "Үш жұлдыздың бірін таңдаңыз"
ашық дереккөз
Психологиялық тесттен өтіп, өзіңіз қалаған үш жұлдыздың бірін таңдап, мінезіңіз туралы қызықты деректермен танысыңыз, деп жазды KYN.KZ тілшісі. 1. Жұлдыз Сіз үнемі еркіндікке ұмтыласыз. Дене мен сананы босаңсытып, демалуға болатын тыныш жерді іздейсіз. Ішкі дауысыңызға сенесіз. Бір мезетте бәрінен бас тартып, өмірді жаңадан бастай аласыз. «Жаңа өмір жолында» дұрыс бағытта келе жатқаныңызға үнемі сенімді бола алмайсыз. Көбіне уақытыңыз күнделікті шаруаларды құнттаумен өтетіндіктен, тыныштық пен демалуға мүмкіндік жиі бола бермейді. 2. Жұлдыз Сіз әр атқан таң үшін риза екеніңізді, таңертең ояна салып, тамаша күнді бастауға дайын екеніңізді және өміріңізде сізді жақсы көретін, сізді құрметтейтін адамдардың барына риза екеніңізді ойлаңыз. Бойыңыздағы әр жасуша қуанышқа толы екенін сезе білетін болсаңыз, өміріңізге жақсы, жағымды жайттарды көптеп тартасыз. Бұл өмірлік мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Егер бақытты өмірді аңсаумен жүрсеңіз, көп күтпей арманыңызға қол жеткізетіңізге күмәнданбаңыз. 3. Жұлдыз Қазір өмірді қызықты оқиғалар мен ойын-күлкіге толтырар кезең. Ішкі дауысыңыз «мен ойнап, күлгім келеді!» деп дауыстауда. Демек ұзақ уақыт бойы сіз мұңайып,  уайымдаумен болдыңыз. Әр адамның рухани жаратылыс, тұлға екенін естен шығармаңыз. Өмірді қуанышқа толтырып, қызықты етуге тырысу керектігін ескеріңіз. Тіпті ең ауыр мәселеден шығатын тесік бар екенін ұмытпаңыз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар