Басты жаңалықтар

"Бақытты әйел болу мүмкін емес секілді": Ләйлә Сұлтанқызының жазбасы көпшілікті ойландырып қойды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының әлеуметтік желідегі видеосы көпшілікке ой салды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Менің ойымша, бақытты әйел - жүрегінде уайымы жоқ әйел. Бірақ ол мүмкін бе? Ол мүмкін емес секілді... Себебі, дүниеге бала әкелгеннен кейін, қоғамда өмір сүргеннен кейін, туған-туыспен жақын қарым-қатынаста болғаннан кейін уайым, жауапкершілік, мейірімділік жүректі жүз пайызға тынышталдырады деп айта алмаймын. Табиғатынан, жаратылысынан әйелдің жүрегі махаббатқа толы болған соң, ол оны беруге дайын. Сол себепті, бақытты әйел - жүрегіндегі уайымы аз әйел дер едім", - деді Ләйлә Сұлтанқызы. Ал желі қолданушылары: "Дұрыс айтасыз", "Дәл қазір уайымсыз өмір сүру мүмкін емес", "Уайым жоқ болса, тыныш өмір ғой", "Төрт құбыласы тең отбасы жоқ-ау", "Әйел адамда уайым көп", "Бір кем дүние. Бақыттымын деп айта алатын әйел мыңнан біреу шығар", - деп ойларын ортаға салды.