Басты жаңалықтар

Жеңіс Сейдоллаұлы мен Балғынбек Имаш құда болды

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имаш пен әнші Жеңіс Сейдоллаұлы құда болды деп, жазды KYN.KZ  тілшісі.

Әлеуметтік желіде құдалық кезінде түсірілген видео тарады. Көпшілік қай тарап ұлдың, қай тарап қыздың жағы екенін білмей біразға дейін дал болды. Кейіннен айтыскер Балғынбек Имашевтың қарындасы Жеңіс Сейдоллаұлының әулетіне ұзатылғаны белгілі болды. "Кеше Балғынбек ағамыздың әулетінде қуаныш болып, Назым қарындасымызды ұзаттық. Сәні мен салтанаты жарасқан ұлттық үлгідегі тамаша думан болды. Осы іс-шараға үлес қосқан барша бауырларыма Алла разы болсын! Жеңіс аға мен Алма жеңгем құдаларды бастап келгенде іштей мәз болдым. Көптен көрмеген сыйлас жақындарыңды кездестірсең көзіңе оттай басылады екен. Ағамыздың әні кештің сәні болды!", – деп жазды айтыскер ақын Данияр Алдаберген Insta парақшасында.