Алматы облысында медбикені жұмыс орнында пышақтап өлтірген азамат мұндай қадамға баруының себебін айтты
45 жастағы әйел кеудесіне сұғылған пышақ жарақатынан қайтыс болды
Алматы облысы Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап. 7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскен, кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болған. "Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Қошмамбет ауылының тұрғынын анықтап, оны бір сағаттың ішінде ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция. Ұсталған азамат әйелге жұмысына қатсыты себеппен емес, жеке мәселені шеше алмағандықтан пышақ сұққанын айтқан.