"Қыз бен жігіт үйленбей тұрып міндетті түрде төсектік қарым-қатынасқа түсіп көру керек": Психолог
Психолог маман Кербез Егінбаева қыздар тұрмысқа шығар алдын ер жігітпен төсек қатынасына түсіп көруі керектігін, "Podcast Time" бағдарламасында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Қыз бен жігіт үйленбей тұрып міндетті түрде төсектік қарым-қатынасқа түсіп көру керек. Өйткені, әр адамның либидасы әртүрлі. Мүмкін маған күніне 5 рет керек ана кісіге 1 рет жеткілікті. Сосын мен өзімнің 5 порциямды алмағаннан кейін ол кісіге күні бойы ашуланып жүруім мүмкін. Сөйтіп, отбасыда ұрыс көбейеді. Қыз болып тұрмысқа шығу бұрынғы заманда қалған дүние сияқты. Қазір қыздар 14-17 жастарында қыздығынан айырылып жатыр. Қыз деген нәрсені еркектер уже армандамай-ақ қойыңдар. 7 сынып оқып жүргенде қызым болады деп таңдап алмасаң. Заман өзгерді, қоғам өзгерді, секс деген өте доступно нәрсеге айналды. Сондықтан, қазір жыныстық жетілудің өзі ерте басталып жатыр. Қыздарда 9 жастан етеккір келіп, омырауы өсіп жатыр. Ерте есейіп жатыр. Сондықтан 25 жасқа дейін қыз болып жүру мүмкін емес. Гармон деген өзінікін алады. Қазір бұл қорқынышты нәрсе емес",- деді маман. Бұл мәселеге байланысты оқырмандар: "Масқара, мынау не тәрбие", "Сұмдық-ақ барған сайын не болып барамыз", "Жастарға не үйретіп отыр сұмдық-ай", деп ойларын ортаға салды.