"Назарбаев пен Қонаев арасында қандай түсініспеушілік болды": ҰҚК-ның экс-төрағасы бар шындықты жайып салды
Дінмұхамед Қонаевтың және Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке күзетін басқарған және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Амангелді Шабдарбаев Қазақстанды басқарған екі тұлғаның ара қатынасы туралы "Abay Live" YouTube-каналына берген сұхбатында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Желтоқсан оқиғасы басталған тұста Қонаевқа Мәскеуден Горбачевтің өзі хабарласып, бар кінәні соған артпақшы болған екен. Алайда, Дінмұхамед Ахметұлы «мен зейнетке кеткен адаммын, мұның маған ешқандай пайдасы жоқ, ұйымдастырғандар – менің орныма келгісі келіп жатқандар» деп, Назарбаевты меңзеген көрінеді. «Содан бері Нұрсұлтан Назарбаев Қонаевқа өшікті, оны өмір бойы кешіре алмай өтті. Тіпті, Димаш Ахметұлы қайтыс болғаннан кейін де ол туралы жақсы айтылмады, оқулықтарға есімі енгізілмеді, теледидардан аты аталмады», – деді Амангелді Шабдарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын еске алып.