10 жасар қалыңдық көз жұмды
АҚШ-та 10 жасар қыз тұрмысқа шықты. Бұл туралы bugin.kz жазды.
Қыз көзі тірісінде арманын орындап, ең жақын досы Дэниелге тұрмысқа шықты. Олар өскенде отбасын құрып, балалы болғысы келген. Алайда лейкоз диагнозы екеуінің жоспарын күл-талқан етті. Эмма мен оның ата-анасы қауіпті аурумен ұзақ күрескенімен емдеу нәтижесі дұрыс болмаған.
Желі қолданушылары оқиғаны қызу талқылап жатыр. Кейбірі Эмманың анасы мен әкесін мақтаса, басқалары олардың шешіміне таңданыстарын білдірді.
Салтанатты жиын қыздың әжесінің үйінің ауласында ұйымдастырылды. Әкесі Эмманы күйеу жігіттің жанына мүгедектер арбасымен жеткізген. Ұйлену тойы балалар үшін ең бақытты күндердің бірі болғаны жүздерінен байқалып тұр.