Басты жаңалықтар

Перзентхананың терезесінен секірген әйел туралы тың деректер шықты

Әйел бұған дейін де 2 бөбегінен айырылып, күйзеліске түскен

Алматы облысында баласынан айырылған әйел перзентхананың 3-қабатындағы терезеден секіріп кетті. Оқиға Қаскелеңде болды, деп жазды KYN.KZ тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 37 жастағы әйелдің жаңа туған сәбиінің жүрегі тоқтап қалған. Ал тұрғынның өзін шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызып, ота жасаған. Туыстары дер кезінде психологиялық көмек көрсете алмады деп медициналық мекемені кінәлап отыр. Әйел бұған дейін де 2 бөбегінен айырылып, күйзелісте болған көрінеді.

Дәрігерлердің сөзінше, бастапқыда әйел өте сабырлы болған. Бірнеше күннен кейін мінезі өзгеріп, медбикеге қарсылық көрсетіп, терезеден секіріп кеткен. Абырой болғанда, аман қалды, иық сүйектері сынып, қолдары зақымданған.