Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ҰҚК-ның экс-төрағасы Назарбаев пен Заманбек Нұрқаділов арасындағы кикілжің неден басталғанын айтып берді

ҰҚК-ның экс-төрағасы Назарбаев пен Заманбек Нұрқаділов арасындағы кикілжің неден басталғанын айтып берді
kaz.orda.kz
Амангелді Шабдарбаев: Заманбек пен Терещенко екеуі сөзге келіп, Назарбаев Терещенко жағын қолдады

Генерал Амангелді Шабдарбаев Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында  Нұрсұлтан Назарбаев пен  Заманбек Нұрқаділов арасындағы кикілжің неден басталғанын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. 

“Алдында Нұрсұлтан Назарбаев пен Заманбек Нұрқаділов қатты дос болды. Назарбаев Заманбекке "сенің жақсылығыңды ұмытпаймын" дегендей айтты. Соған Заманбек қатты сенді. Содан кейін кішкене арақ ішті. Мақпалға үйленді. Сондай жасай бастағанда, елдің бәрі Назарбаевқа "мынаны бүйту керек, сүйту керек" деді. Сонда марқұм Заманбек пен Терещенко екеуі сөзге келіп қалыпты. "Мені телефонмен Заманбек боқтады" деп Терещенко жүгіріп келді. Президент Заманбекке "неге боқтайсың" деді. Сонда Заманбек "мен боқтаған жоқпын" депті. Сөйтіп Назарбаев Терещенко жағын қолдады да, Заманбекке тиісті. Сөйтіп, сөзден сөз шығып, екеуінің арасы жаман болып кетті. Ол кезде Мақпалдың да кесірі тиді. Айта береді ғой. "Сенен Назарбаев қорқады, сені пайдаланды" деген сөздер шығар. Ана кісі сөзінде тұрмаған ба, Заманбек қатты-қатты сөйлей бастады. Оны кім өлтіргені белгісіз, мен де білмеймін", - дейді генерал. 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар