Басты жаңалықтар

Мақпал Жүнісова жас жігіттермен дуэт айтуға қорқатынын айтты

Әнші: Біз де адамбыз, за себя не отвечаю!

Отандық танымал әнші Мақпал Жүнісова  жас жігіттермен дуэт айтудан қорқады. Ол үнемі бірге ән орындау арқылы әріптесіне ғашық болып қалудан сескенетінін жасырмады деп хабарлайды "Айта берсін"бағдарламасына сілтеме жасаған KYN.KZ 

Әнші өзін-өзі қатты жақсы көретінін, сол себепті жас жігітті ұнатып, жүрегін ауыртқысы келмейтінін де мәлімдеді. "Өнер адамдары сезімге берілгіш келеді. Жұптасып айтқан әншілермен тым жақын қарым-қатынаста болмау керек. Оларды қайта-қайта үйге шақырып, кездесіп жүрсең шынайы сезімге айналып кетуі мүмкін. Өйткені, біз де адамбыз. Мен де үлкені бар жасы бар түрлі жігіттермен дуэт айтып жүрмін. Бірақ сахнада ғана образға берілуім мүмкін. Ал өмірде жақын араласпаймын. "За себя не отвечаю" дейді ме? Мен ол жігітті ұнатып қалуым мүмкін. Мен ғашық болып қалуым мүмкін. Өзімді қатты жақсы көретін болғандықтан, жүрегімді ауыртқым келмейді. Сыртынан жақсы көріп жүргенім артық", - деп ағынан жарылды әнші.