Басты жаңалықтар

Астанаға арнайы келіп, министрлік алдында ереуілдеген мұнайшылар билікке тағы үндеу жасады

Олар жарты жылдан асқан наразылықтары еш оң шешімін таппағанына ызалы

"БераӘлі Маңғыстау Company" компаниясы қызметкерлерінің бейнеөтініші 14 тамызда желіде жарияланды. Онда мұнайшылар өз фирмаларының басшылығы да, ел билігі де олар көтерген мәселелерді әлі күнге дейін елемей келе жатқанын айтқан, деп жазды KYN.KZ  тілшісі  "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Жұмысшылар үш айдан астам уақыт бұрын өздерінің мәселесіне назар аударту үшін Астанада бейбіт митинг ұйымдастырғандарын, алайда осы уақытқа дейін олардың талаптарының ешқайсысы қанағаттандырылмағанын мәлімдеді.

 

Видеода мұнайшылар олардың қазіргі жалақысы "шығындарын жаппайтынын" атап өтті. Олар үнемі жұмыс орындарын ауыстырудан шаршағанын жеткізіп, тұрақты жұмысқа орналасуға ниет білдірді.