Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өз күйеуін өлтірген жүкті әйелге қатысты тың деректер шықты

Өз күйеуін өлтірген жүкті әйелге қатысты тың деректер шықты
КТК
Әсем Әлімбаева: "Сараптама менің жағымда, мен өзімді және болашақ баламды қорғадым. Бірақ прокуратура сараптаманы ескермей отыр"

Павлодарда күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйелге қатысты сот отырысы басталды. Қылмыс қасақана кісі өлтіру ретінде қарастырылып жатыр. Алайда сотталушы бұл нұсқамен келіспеді, деп жазды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұл  жағдай мамыр айында болған. Марқұм досымен бірге Екібастұздағы өзі жұмыс істеген балабақшада ішімдік ішкен. Ал жанжал қызғаныштан басталған. Әйелдің айтуынша, күйеуі алдымен ұрып, кейін шығып кеткен. Ал қайтып келгенде қолына пышақ алып, әйелін өлтіретінін айтқан. 

«Қасақана әрекет етіп, оң қолындағы пышағын қылмыс қаруы ретінде қолданған ол сол жақ жауырыны маңына соққы жасаған. Салдарынан ер адам оқиға орнында жан тапсырды», – деді айыпталушы Әсемгүл Истаева. 

Дегенмен әйел күйеуінің қолынан пышақты алып, баспалдаққа жүгіргенін айтады. Ал күйеуі оны төмен қарай құлатып жібермек болғанда пышақпен соққы жасаған. Енді 30 жастағы әйел әрекетін өзін-өзі қорғау деп қарастыруды сұрайды.

«Сараптамалардың барлығы жасалды, жағдаяттық сараптама мұны өзін-өзі қорғау деп таныды. Бірақ неліктен бас тартқанын білмеймін. Сараптама менің жағымда, яғни мен өзімді және болашақ баламды қорғадым. Бірақ прокуратура бас тартып отыр», – деді айыпталушы Әсем Әлімбаева.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар