Басты жаңалықтар

Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Тергеу органы заңнамада көзделген тергеу мерзімінде жәбірленушіге елеулі зиян келтірілгенін растайтын жеткілікті нақты деректерді анықтаған жоқ

2023 жылғы 14 тамызда Дүйсенова Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаевпен қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша жеке қабылданды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

Оның дәлелдерін ескере отырып, прокуратура зерттеу үшін қылмыстық істі сұратып алды.

Егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, бұл ретте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу үшін жауапкершілік көзделген.

Сондықтан материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес оларды қарау үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға жолданды.