Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Республикалық байқау басталды: "Үздік педагог" атанған мұғалімге 3,5 млн теңге сыйақы беріледі

Республикалық байқау басталды: "Үздік педагог" атанған мұғалімге  3,5 млн теңге сыйақы беріледі
Sputnik / Владислав Воднев
Конкурс үш кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық және республикалық.

Байқауға меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының штаттық педагогтары қатыса алады.

Үміткердің педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері және конкурсқа қатысу кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық тәжірибесі болуы керек.

"Байқаудың бірінші кезеңіне қатысуға 1311 өтінім берілген. Қазіргі уақытта аудандық/қалалық комиссия олардың портфолиосын бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

 

Екінші кезеңде әр аудан/қаладан 100 ұпайдың 80 пайызынан кем емес ұпай жинаған 10 қатысушы таңдалады. Республикалық байқаудың үшінші кезеңі биыл қыркүйек айында өтеді.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша 64 жеңімпаз "Үздік педагог" куәлігімен, "Үздік педагог" төсбелгісімен және 1 000 АЕК (3 450 000 теңге) ақшалай сыйлықпен марапатталады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар