Табылды Досымовтың ұлы: «Сәйгүлік» тойда асыр салып билейтін ән емес
Абыл Досымов: «Сәйгүлік» әні желтоқсан оқиғасының алдыңғы шебінде орындалған
«Egemen TV» Youtube арнасына қазақтың тұңғыш бард әншісі Табылды Досымовтың ұлы Абыл Табылдыұлы сұхбат берді. Сұхбат барысында бард жанры туралы, әйгілі «Сәйгүлік» әні туралы әңгіме айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Абыл Табылдыұлының айтуынша, бард жанры - сөзін, әуенін өзі жазып, оны өзі орындау және міндетті түрде гитара аспабымен сүйемелдеу. Бардтың ерекшелігі осында. Бард жанрының елдік, қоғамдық мәселелерді қозғай алатын тұстары да бар.
Табылды Досымовтың студенттік шағы желтоқсан оқиғасы болған кезеңге тұспа-тұс келгені мәлім. Сол оқиғадан кейін академиялық демалыс алып, ауылға қайтқан. Сол уақытта «Желтоқсан жыры» деген ән шыққан. «Қазақ едім дегенше» әнінің шығуыңа да себеп болған оқиғалардың бірі - желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан туралы көптеген поэзиялық өлеңдері де бар. Сол кезеңде шыққан әннің бірі һәм бірегейі Светқали Нұржановтың сөзіне жазылған «Сәйгүлік» әні.
Оның айтуынша, Ресейде бард жанрындағы әнді эстрадаға салып орындамайды, өйткені жанрға деген құрмет бар.