Басты жаңалықтар

Келіншек бұрынғы күйеуінің қалың малға берген ақшасын қайтаруды талап етіп жатқанын айтты

Заңгер: Заңды түрде неке шарты жасалса ғана қалың малды даулауға болады

Шымкенттік тұрғын бұрынғы күйеуінің қалың малды қайтаруды талап еткенін айтып, заңгерге шағымданды, деп жазды KYN.KZ тілшісі Астана телеарнасы сілтеме жасап.

 Мерей өткен жылы тұрмысқа шықты. Алайда отбасын көтерген серімен дәм-тұзы жараспаса керек. Алты ай бұрын ажырасты. Жастардың жанжалы әлі де жалғасуда. Бұрынғы жолдасы қалың малға берген 2 миллион теңгені қайтар деп шу шығарып жүрген көрінеді.

Қалың мал берген кезде оны нотариуспен куәландыру керек. Сонда ғана қайтаруға қадам жасауға болады. Екі жасты қосып жатқан құдалар жаманшылық шақырып, заңдастыруға құлық танытпайды. Егер қалың малды даулайтын болса, соңғы нүктесін сот қояды. Заңгер Айшат Уәлиоллаға жылына 10-12 адам осы мәселемен арызданып келеді.