Қарағандыда көмір шахтасы өртеніп жатыр: Шахтерлер жер бетіне шығарылуда
Оқиға орнында кәсібилендірген әскери апаттық құтқару қызметі мен ТЖД күштері жұмыс істеп жатыр
"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасының өртенуіне байланысты апатты жою жоспары енгізілді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жетті.
"17 тамызда сағат 10:05-те "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасы өртенді, апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіледі. Оқиға орнына кәсіби апаттық құтқару қызметі және төтенше жағдайлар департаментінің мамандары келді. Шахтада барлығы 227 адам болды, шахтаның қапталы арқылы адамдар жер бетіне шығарылып жатыр. Қазіргі сәтте 131 адам шығарылды", – делінген жедел хабарламада.