Басты жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" шахтасындағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазір екі шахтерді бес құтқару тобы мүшелері іздеп жатыр. Олар іздестіру жұмыстарына қою қара түтін кедергі болып жатқанын айтқан еді.

 Қарағандыдағы шахтадан шыққан өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Еске салайық,  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстандық» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. Жұмысшылар бүйірлік оқпан арқылы шахтадан жер бетіне шығарылды. Шахтада барлығы 227 адам болған.

Бұдан бұрын апаттан зардап шеккендер саны алты адамға жеткені хабарланған.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының әкімдігі шахтада екі кеншінің мәйіті табылғанын мәлім етті, тағы үш жұмысшының тағдыры белгісіз.