Шахтадағы өрттен зардап шеккен кеншілер жайлы ақпарат жарияланды
11 емші бірнеше ауруханада түрлі жарақаты бойынша ем алып жатыр
"Қазақстан" шахтасында зардап шеккен 18 кенші бірнеше ауруханада ем-дом алып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, 17 тамыз күні Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға 9 кенші жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөлімінен токсикологияға ауыстырылды. Дәрігелердің айтуынша, пациенттердің жағдайы ауырлау, бірақ есін біліп жатыр. Диагноз - жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатия. Кеншілер иістен қатты уланып қалды.
"Қалған 7 адам токсикология бөлімінде. Орташа ауырлық дәрежесі, жағдайы бірқалыпты", - дейді мамандар.
Ал Шахтинск қаласының орталық ауруханасының терапевтік бөлімшесіне төрт кенші түсті. Біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартса, қалғандары ем-дом алып жатыр. Тағы біреуі амбулаториялық ем алу үшін үйге жіберілді.
18 тамыздағы жағдай бойынша аймақтың медициналық мекемелерінде зардап шеккен 11 кенші бар.