Назгүл Жаукина: Дәрігерлер балаға емші-тәуіптердің емін қолданған салдарынан көзі көрмей, миына зақым келіп, сал болып қалды
Назгүл Жаукина: Ақ халаттылар баланың көмейіне қолын тығып, алғашқы көмекті дұрыс жасамаған
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында демікпе дертін емдеу үшін ауруханаға жеткізілген екі жасар Қаһарман Бақытбек сал болып қалған, деп жазды KYN.KZ тілшісі informburo31 инста парақшасына сілтеме жасап.
Бүлдіршіннің қос жанары көрмей, тіпті миы мен ішкі құрылыстарына зақым келген. Ал енді ғана жетіліп келе жатқан ұлымды осындай хәлге түсірген дәрігерлер дейді Қаһарманның анасы. Айтуынша тамағы ауырып, ауруханаға түскен күні ақ халаттылар баланың көмейіне қолын тығып, алғашқы көмекті дұрыс жасамаған. Мұндай олқылықтардың болғанын ауданның бас дәрігері де жоққа шығармайды. Бірақ бұл үшін жауапты дәрігерлерге тек тәртіптік шара берілген.
Нәрестенің қызуы көтеріліп, тамағында сырыл пайда болған соң анасы дәрігерлердің көмегеніне жүгінген. Бірақ ақ халаттылар тиісті медициналық көмек жасамаған. Ең сұмдығы емші-тәуіптердің емін қолданғанын айтады. Ақыр соңы баланың екі көзі көрмей, миы, асқазаны, өкпесі, бауыры зақымданып, мүгедек болып қалған.
"Диагнозына дұрыс қарамай, үсті-үстіне уколды салып. Қолын тығып ауызына құстыруынан бала өзін нашар сезініп комаға түседі. Қандай жағдайда асқазанынан қан кетті дегенде маған жауап берген жоқ. Себебін өздері де білмейді. Қазіргі баланың жағдайы ДЦП деп диагноз қойылды",- Назгүл Жаукина Қаһарманның анасы
Назгүл ұлым бұған дейін мүлде ауырып көрмеген дейді. Алайда дәрігерлер бүлдіршін көмекке кеш жүгінген деген қорытынды шығарыпты. Бірақ емдеу кезінде ағаттыққа жол бергендерін жасырмайды.