Шахтадағы өртте қаза болғандардың тізімі шықты
5 жұмысшы қайтыс болды
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы 2023 жылдың 17 тамызында "Қазақстан" кенішінде болған өрттен қаза тапқандардың толық тізімін жариялады. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады.
"Қазақстан" кенішіндегі өрт кезінде жер астында 227 адам болған, оның 222-сі жер бетіне шығарылды. Өкінішке қарай, бес жұмысшы қаза тапты.
Олар:
Стешин Денис Геннадьевич, 1978 ж.т., 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
Халиков Артур Ринатович, 1994 ж.т., 4 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл;
Бургун Виктор Сергеевич, 1966 ж.т., 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
Слюньков Виталий Владимирович, 1965 ж.т., 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
Старовойт Илья Александрович, 1996 ж.т., 3 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл.
"Мен бұл апаттан қатты күйзеліп тұрмын. Біз шахтадағы қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс істедім. Ал бұл апат біздің барлық күш-жігерімізге кері әсер етті. Қазір жақынын жоғалтқан жандарды ешбір сөзбен жұбату мүмкін емес. Біз қажетті көмек көрсетеміз", - деді компанияның атқарушы директоры Виктор Гафиулов. Әзірге шахтадағы апаттың себебі белгісіз. Бүгін ұйымда аза тұту күні жарияланды.